Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен індеттің алдын алу жөніндегі штабтың шұғыл отырысы өтті. Кеңес отырысында коронавирустық инфекцияға жол бермеу шараларын күшейту туралы шешім қабылданды.
- 31 наурызда сағат 22.00-ден бастап 10 өткізу бекетін қою арқылы, Қостанай облысының аумағына кіруге шектеу енгізу туралы шешім қабылданды, - деді облыс әкімі.
Артынша жергілікті полиция қызметінің бастығы Құрмет Мәжікенов облыс аумағына кіреберіс жолдарға қойылатын блок-бекет тосқауылдары туралы түсіндірді. - Бастысы, алдағы күндері қолға алынатын шектеу шараларын карантинмен шатастырып алмаңыздар. Бұл шектеулер облыс тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр, - деген Құрмет Мәжікенов облыс аумағына кіруге және шығуға бірдей шектеу қойылатынын айтты. Бірақ облыс ішіндегі автокөлік қозғалысы тоқтамайды.
БЛОК-БЕКЕТ ТОСҚАУЫЛДАРЫ ҚАЙ ЖЕРГЕ ҚОЙЫЛАДЫ?
Блок-бекет
Орны
№7 блок-бекет
Алматы-Екатеринбург автожолының 374-шақырымы, «Қайрақ» шекара бекеті;
№8 блок-бекет
Қостанай-Қорған автожолының 180-шақырымы, «Обаған» шекара бекеті;
№9 блок-бекет
Қостанай-Мамлютин автожолының 245-шақырымы, Ұзынкөл ауданының Троебрат ауылы маңы;
№10 блок-бекет
Алматы- Екатеринбург автожолының 722-шақырымы,
Сарыкөл ауданының Севастополь ауылы маңы;
№11 блок-бекет
Қостанай-Сұрған тас жолының 232 шақырымында Ақмола облысы шекарасы;
№12 блок-бекет
Жезқазған-Петропавл тас жолының 372 шақырымы;
№13 блок-бекет
Жезқазған-Петропавл тас жолының 300-шақырымы;
№14 блок-бекет
Торғай тас жолының 85-шақырымы, Ақтөбе облысы шекарасында, Ақшығанақ ауылы маңы;
№15 блок-бекет
Қостанай-Қарабұтақ автожолының 239 шақырымы, Қамысты ауданы Жайылма ауылы маңы;
№16 блок-бекет
Денисов автожолының 100-шақырымы, Ресеймен шектесетін тұсында, Жітіқара ауданының «Қондыбай» шекара бекеті
Қостанай облысы