Бүгін әлеуметтік желілерде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің індет ошағы деп танылып, толықтай оқшауланғаны жайында ақпарат тараган еді.
Оқиғаға орай мәлімдеме жасаған облыс әкімінің баспасөз қызметі бұл хабарды жоққа шығарды.
- WhatsApp желісінде тараған ақпарат жалған. «Асыл Арман» тұрғын үй кешені оқшауланған жоқ. Кеше осы үйдегі бір пәтердің тұрғынынан жұқпалы індет белгісі анықталған болатын. Науқас аурухана жатыр. Жағдайы қалыпты. Ал ол пәтер орналасқан кіреберіс залалсыздандырылып адамдардың кіріп, шығуы шектелді. Есік алдына күзет қойылды. Бірақ, кешендігі басқа үйлердің тіршілігі қалыпты. Шектеу тек «Асыл Армандағы» 6 - үйдің, 4 – кіреберісіне ғана қатысты. Ол есікке карантин режиміне енгізілді. Бұл шектеу Қарасай ауданының бас санитарлық дәрігері Нұрлан Олжабаевтың қаулысына сәйкес жүзеге асты, - деді бізге облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Алматы облысы