Бұл ақпарат осыған дейін де айтылатын. Бірақ күні кеше ТАСС «Ресейден Ұлыбританияға құны 2,3 млрд АҚШ долларына бағаланған алтын шұғыл түрде экспортталды» деген ақпаратты екі кештің арасында Шереметьево әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Аса құпия жағдайда қыр асқалы тұрған алтынның БАҚ арқылы таралып кетуіне құны 58 млн рубль болатын 25,5 тонна алтын құймаларының контейнерден түсіп қалуі себеп болыпты. Кейін ол әуежайдың қауіпсіздік қызметкерлері тауып алып, иесіне қайтарып берген.
«Жүк салынған SU2580 ұшақ Мәскеуден ұшып шығып, Лондонға барып қонды. Экспортқа кеткен бағалы метал құны контейнерлермен қоса есептегенде 2 319 000 000 рубль» деп хабарлайды РЕН ТВ.
Осыдан сәл ғана бұрын Ресей президенті Владимир Путин коронавирустық пандемия, мәжбүрлі карантин және көптеген кәсіпорындар мен мекемелердің тоқтап қалуы жағдайында бизнес пен азаматтарды қолдау бойынша дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жариялады. Арада 1 күн өткенде алтын тиелген ұшақ Лондонға аттанды.
Ресей Орталық банкінің мәліметінше, 13-20 наурыз аралығындағы алтын қоры резервтері 5% -ға төмендеді, бұл факторға АҚШ долларының қымбаттауы мен интервенция себеп болыпты.
«Ресейдің Орталық банкінің алтын-валюта резервтерінің (алтын қорларының) апта сайынғы төмендеуі 2008 жылғы қазан мен 2009 жылғы қаңтардағы көрсеткішке жетіп қалды» дейді сарапшылар.
Жалпы, Ресейдің Орталық банкінің алтын қорының төмендеуі жалғаса беретіні және оның биыл емес, өткен 2019 жылдың қазан айынан бастап төмендей бастағаны қазір ешкімге құпия емес. «Ресей 2019 жылы Ұлыбританияға 5,33 миллиард долларға алтын сатты. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 12 есе артық (433 млн АҚШ долларға көп)» , деп хабарлайды РБК Федералды кеден қызметі.
Сарапшылар Ұлыбританияның рекордтық алтын сатып алуы Brexit және алтынға деген сұраныстың әлемдік тенденцияларымен байланысты деп санайды. Сонымен қатар, Лондон алтынды сауданың және сақтаудың орталығы ретінде Үндістан немесе Қытай сияқты соңғы тұтынушыларға кейінгі экспорттау үшін делдал бола алады.
«Лондон - бұл әлемдік алтын саудасының орталығы және алтын қорлары нақты сақталатын орын, бұл ETF-тің көптеген халықаралық өнімдерін (атап айтқанда Лондонда ғана емес) алтын қорларымен қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді РБК әлемінің директоры. Алтын Кеңес (WGC) Басқарма мүшесі Джон Муллиган.
Оның түсіндіруінше, Ресейден экспортталған алтынның Ұлыбританияда қалатыны немесе үшінші елдерге экспорталатыны маңызды емес. Маңыздысы –Ұлыбританияда да, шетелде де институционалды инвесторлардың алтынға сұранысының жоғары екені. Мұны екі тарапта өз мүддесіне пайдаланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың күзінде РФ сауда министрлігі алтын өндіруші компаниялар мен мұнай өңдеу зауыттары бір реттік емес, алтын мен күміс құймаларын экспорттауға рұхсат берді. Сарапшылар Ресейдің алтын экспортын көбейтуға осы фактор себеп болғанын айтады.
2019 жылы Ресейдегі барлық алтын экспортының 93% Ұлыбританияның еншісінде екен. Басқа 12 мемлекет, соның ішінде Қазақстан мен Швейцария бұл елден бар болғаны 409 миллион долларға сатып алыпты. «Ұлыбритания үшін Ресей алтыны неге тартымды?» деген сұраққа сарапшылар бас қатырып келген болатын. Кейін белгілі болғанындай, бұл ел тек Ресейдің ғана емес, алтын сатамын деп ниеттенген барлық елдердің алтынын сатып алуға ерекше ықылас таныта бастаған.
Ұлыбританияның кедендік статистикасы Ресейдің алтын экспортының күрт өскенін растайды.
Ресейден қай ел алтын сатып алады?
Тізімді одан ары жалғастырсақ, Қазақстанның Ресейден 2019 жылы 247 млн АҚШ долларына сатып алған. Ұлттық банктің халықаралық резерві 2019 жылдың алғашқы жартысында 28,8 млрд доллар болды. Оның 63 пайызы алтынмен, 37 пайызы шетелдік валютамен сақталған. Демек, халықаралық резервтегі 28,8 млрд доллардың 63 пайызын құрайтын алтынның қандай формамен сақталғанын біз білмейміз. Бұл көрстекіш 2018 жылмен салыстырғанда 28 есеге өскен.
Қазіргі уақытта әлемнің қымбат металдар резерві бойынша 100 елдің ішінде Қазақстан 18-ші орынды сақтап тұр.Жалпы алғанда, осы жылдың есептік айының басында АҚШ ең үлкен алтын қоры бар (8133,5 тонна) мемлекет болды. Ресей 6-орында, оның қорында 1857,7 тонна металл немесе 17,9% халықаралық резервтері бар. Ал, Қытайдың резертік қоры - 1842,6 тонна, бірақ елде бар халықаралық резервтер құрылымында алтын 2,4 % ғана алады. Осылайша, Ресейдің алтын қоры Қытайдан асып түсті.
Сондай-ақ, 2019 жылы Ресей алтынының басты экспортерлерінің қатарында Ресейдің Орталық банктің де аты аталады. 2019 жылы Орталық банктің қоймасындағы алтын қоры 86,9 млрд. АҚШ долларынан 110,4 млрд АҚШ долларына дейін өсті.
Ресейдің Орталық банктің өкілі Сергей Шибанов мұның себебін алтын сатып алу кезінде белгілеген жеңілдікпен байланыстырады. Мұндай алтынды Ресей Федерациясына сату бағасының шарттарын оны экспортқа сату шарттарымен сәйкестендіру туралы шешімді 2019 жылдың мамыр айында қабылданған. Дүниежүзілік алтын кеңесінің бас сарапшысы Джон Муллиган бұл шешімге Ресейден алтын экспортын ынталандыратын қосымша фактор деп баға беріпті.