• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2020

Қостанай облысында пандемияға қарсы режим қатаяды

319 рет
көрсетілді

Бүгін Қостанай облысының бас санитары індеттің алдын алу шаралары туралы қаулыға қол қойды. В.Нечитайло аймақта пандемияға қарсы шектеулер мен тыйым шаралары күшейтілгенін мәлімдеді. Енді облыс тұрғындарына бұған дейін де белгілі шектеулер мен тыйымдардың ауқымы кеңейіп, олардың бұзылмауы қатаң қадағаланады.

Бас санитардың айтуынша, айдың ең соңғы күні кешкі 22.00-ден бастап Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарына жолаушылар қатынасы үзіледі. Ал ем алуға баратындар белгіленген тәртіп бойынша ғана жіберіледі. Сондай-ақ, ауыл арасында қатынайтын автобустар мен шағын автобустар мүлде тоқтатылады. Ресейге шығатын жүк көліктеріне де тыйым салынады.

Енді қала тұрғындары түнгі 22.00-ден кейін сыртқа аса қажет болған жағдайда ғана шығуы тиіс. Қаулы 31 наурыз күні сағат 22.00-ден бастап күшіне енеді.

        

Қостанай облысы