Алматы облысының Қарасай және Еңбекшіқазақ ауданының екі тұрғынынан коронавирус белгісі табылды. Қазір аймақта қауіпті індетке шалдыққан адам саны алтыға жетті.
- Қарасай ауданының Кемертоған ауылында тұратын 41 жастағы әйелдің вирус жұқтырғаны анықталып, Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Оған қоса науқаспен қарым-қатынаста болған 6 адам, соның ішінде азаматшаның күйеуі мен 2020 жылы туған сәбиі де карантинге алынды. Ал вирус белгісі анықталған екінші адам Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғыны. Ол өз ағайын-туыстарымен бірге Өзбекстан республикасының аумағында өткен үйлену тойына барған. Жеке автобус мінген 14 адамның Өзбекстаннан келгені туралы мәліметтерді Түркістан облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық мамандар хабарлап, облысқа келген бетте олар провизорлық стационарға жатқызған. Соның ішінде 1960 жылы туған азаматшадан вирус анықталып, қазір ол да Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылды, ал қарым-қатынаста болған өзгелері карантинде, - деді оқиғаға орай мәлімдеме жасаған Алматы облысы әкімнің баспасөз қызметі.
Алматы облысы