• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 30 Наурыз, 2020

Ақын Аманхан Әлімұлы дүниеден өтті

1495 рет
көрсетілді

Белгілі ақын, әдебиеттанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Аманхан Әлімұлы 68 жасында дүниеден өтті.

Аманхан Әлімұлы 1952 жылы 20 қаңтарда Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында туған. 

1969 жылы сол ауылдағы Амангелді атындағы орта мектепті бітірген. 1975 жылы ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1981 жылы тәмамдаған. 

1981-1989 жылдар аралығында «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» және «Қазақ радиосы» сияқты республикалық баспасөз салаларында қызмет етті.

1991-1993 жылдар аралығында Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы жоғарғы курсының күндізгі бөлімінде оқиды.

Аманхан Әлімұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, «Оңтүстік Қазақстанға Еңбегі сіңген» медалімен, сондай-ақ «Жандос» атындағы сыйлықтың иегері, «Ұлт патриоты» грамотасымен марапатталған. Түркістан облысы,  Арыс қаласының Құрметті азаматы. 

Ақын А.Әлім «Өткірдің жүзі», «Айнұры алақанымда», «Жанымның жапырағы», «Бес қоңырау», «Атақоныс», «Кездесу» публицистикалық және өлеңдер жинағының авторы.

«Ақиқат» журналының Бас редакторы қызметін атқарып тұрған уақытта Аманхан Әлімұлы Президент Қ.Тоқаевтың 29 қарашадағы жарлығымен «Құрмет» орденін иеленген болатын.