Алматыда Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығына кіретін қазақстандық компаниялар коронавирустан сақтану барысында жеке бастың гигиенасын қатаң сақтауға байланысты медициналық жинақтар, гигиеналық және 7,5 млн теңгеге залалсыздандыру құралдарын қазақстандық компанияларға, медициналық мекемелерге, балалар үйлері мен «Балдәурен» балалар сауықтыру орталығына тегін үлестірді.
Оңтүстік астанадағы «Жақсылық челленжі» науқанын өткізуге Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы қолдау білдірді. Оның барысында барлығы 3120 қайталап қолдануға болатын медициналық маскалар, 240 орамал, 713 медициналық халат және бас киімдер, 107 медициналық және 32 жұп хирургиялық тәпішке, сондай-ақ залалсыздандыру құралдары мен жеке гигиена тауарлары берілді.
Науқанды бастаған алматылық компаниялар қатарында «Семирамида» тігін фирмасы» ЖШС, «ProfiModa» ЖШС, «КазСПО-Н» ЖШС, «МИМИОРИКИ» ЖШС, «Endeavour» ЖШС, «ASKIM-TEX» ЖШС, «Казлегпром Алматы» ЖШС, «Сымбат сән академиясы» ЖШС, «Болашақ бірыңғай үйі» ЖШС бар. Науқанға Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Қостанай және Талдықорған ассоциациясының мүше компаниялары қосылды. Ақтөбеден «Глобал-Спецодежда» ЖШС, Шымкенттен – «Гаухар» ЖШС, «Алатекс» ЖШС, «Жібек» ЖШС, Шымкент қаласындағы «Семирамида» тігін фирмасы» ЖШС филиалы, Қостанайдан - «Большевичка» ЖШС, Талдықорғаннан «Ажар» ЖШС қосылды. Қауымдастықтың хабарлауынша, бұл тек науқанның бастамасы ғана. Алдағы уақытта Қазақстанның басқа өңірлері де осы эстафетаны қабылдайтын болады.
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы 1999 жылы Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының бастамасымен құрылған. Оның құрамына тоқыма, трикотаж, тігін, былғары және тері және аяқ киім өндірісі, сонымен қатар өнім сапасын тексеретін зертханалар, оқу орындары және басқа да ұйымдар кіреді. Қауымдастық құрамында 130-дан астам компаниялар бар. Сондай-ақ, қауымдастық құрамына Қазақстанның үлпек сауда-өнеркәсіптік қауымдастығы және Қазақстан былғары шикізаттары мен тері өңдеушілер қауымдастығы кіреді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының әртүрлі аймақтарында бес өкілдік ашылды.
АЛМАТЫ