• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 30 Наурыз, 2020

ДДСҰ: COVID-19 вирусымен күрес кезінде туберкулезге қарсы шаралар күшейтілуі қажет

151 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін туберкулез инфекциясы бар адамдарды белсенді түрде емдеу мен алдын алу шараларын күшейтуге шақырады.  Аталған ұйым деректері бойынша, бүгінде әлем халқының төрттен бір бөлігі құрт ауруының бактерияларын жұқтырған. Иммунитет әлсіреген жағдайда оларда туберкулезбен ауыру қаупі жоғары. 

Аталаған ұйым мамандары бактерия жұқтырған бұл топтағыларды профилактикалық терапиямен қамтамасыз ету оларды аурудан қорғап қана қоймай, тұрғындар арасында инфекцияның таралу қаупін азайтады деген ұстанымынан танбай отыр.

ДДСҰ биылғы жылды туберкулезбен күрес жылы ретінде жариялай отырып, құрт ауруының әлем халқына қатерінің жоғары екендігін ескертеді. Әлемге COVID-19 вирусынан қатер төніп тұрған кезеңде туберкулезбен ауырған адамдардың бұл вирусқа қорғаныш қызметінің әлсіздігін айтып дабыл қағуда. Аталған ұйым деректеріне сүйенсек, 2018 жылы 10 миллион адам туберкулезге шалдықса, оның 1,5 миллионы осы дерттен көз жұмған.

ДДСҰ Бас директоры  Тедрос Адхан Гебрейесус әлемдік қауымдастықтың іс-қимылы 2030 жылға дейін туберкулезді жоюға бағытталып отырғанын жеткізді. Ол үшін құрт аурумен күрестегі шаралар әрбір адамға қолжетімді болуы қажет. Ал COVID-19 вирусы өршіп тұрған кезеңде туберкулезге қарсы шаралардың күшейтілуі уақыт күттірмейді.

Бүгінде БҰҰ-ның туберкулезге қарсы күрестегі  жетістіктеріне қарамастан, туберкулездің химиялық профилактикасы мәселелеріне тиісті көңіл бөлінбей отыр. Сондықтан да әлемдік көшбасшылар туберкулезбен ауыратын 24 миллион адамға және АИТВ-мен өмір сүретін 6 миллион адамға профилактикалық ем жүргізудің маңызды мәселе екендігін ескертеді.

АЛМАТЫ