• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2020

Атыраудан 6 бағытқа қатынайтын автобустар тоқтады

418 рет
көрсетілді

Атырау қаласындағы автобекеттен ауданаралық, қалааралық, халықаралық бағытқа қатынайтын автобустар жүрісі тоқтады. 

Атырау автобекетінің директоры Вадим Синкеевичтің мәлім етуінше, бұрын  6 бағытқа 14 рейс жолаушы тасымалдап келген. Енді   Атырау-Астрахан, Атырау-Бейнеу, Атырау-Орал, Атырау-Мақат, Атырау-Индер, Атырау-Құлсары бағытына жолаушы қатынайтын   автобустар жүрмейтін болды. Соңғы рейс 28 наурызда Атыраудан Мақатқа ғана аттанған. 

–Біздің автобустарымыздың сыйымдылығы –50 адам. Төтенше жағдай енгізілгеннен  бері жолаушылар саны 2-3 адамнан аспады, - деді Вадим Синкеевич.

Жұмасат ҒАЗИЗ