Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен өтетін республикалық байқау сегіз жылдан бері бүкіл елді қамтитын елеулі алаңға айналды. Байқау жастардың патриотиоттық сезімін биікке көтеріп, азаматтық жауапкершілігін арттырып, интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған, деп хабарлайды университеттің Баспасөз қызметінен.
Байқау бағдарламасын дәстүрлі түрде үздік студенттік инновациялық жобалар номинациялары, «Еліміздің инновациялық дамуына қосқан менің нақты үлесім» тақырыбындағы стартап, «Кайырымды қоғам» әлеуметтік жобасы, сонымен қатар «Мен өз елімнің өркендеуі үшін не істей аламын?» атты үздік эссе, патриоттық тақырыптағы поэзиялық шығармалар мен әндер байқаулары қамтиды.
Алғашқы іріктеу кезеңі осы жылы сәуірдің 10 мен 30 аралығында қашықтық режимде өтеді. Онлайн тіркелуден кейін қатысушылар видеороликтері мен өз жұмыстарын электронды түрде ұйымдастыру комитетіне жолдаулары қажет.
Университет проректоры Ш.Жаманбалаева ұйымдастыру комитетіне жыл сайын еліміздің әр өңіріндегі студенттерден 2 мыңнан аса өтінім келіп түседі. Байқау финалы 2020 жылдың қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да VIII «Мен жастарға сенемін!» форумы аясында өтеді. Қатысушылар өз жобаларын тақырыптық секциялар отырысында таныстырып, қорғай алады.
Байқау қатысушыларының жұмыстарын объективті бағалауды тәуелсіз қазылар алқасы қамтамасыз етеді. Жеңімпаздар құнды сыйлықтар және дипломдармен марапатталады. Үздіктің ең үздігі бас жүлде – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бір жыл тегін оқу грантына ие болады. Онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша көрермендер көзайымы сыйлығы да беріледі.
Байқауға қатысуға өтінім беру, іріктеу кезеңінің барысын қадағалау, сонымен қатар онлайн дауыс беруге қатысу үшін www.kaznu.kz сайтында тіркелуге болады.
АЛМАТЫ