• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Наурыз, 2020

Елена Рыбакина – болашақ теннис жұлдызы

354 рет
көрсетілді

Теннистен қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Sportsmole.co.uk. басылымының нұсқасы бойынша болашақ әлем жұлдызына баланған ТОП-10 теннисшінің қатарынан көрінді.

«2019 жылы US Open бәсекесінде топ жарған канадалық Бьянка Андрееску мен қазақстандық Елена Рыбакина арасында айтарлықтай айырмашылық бар. 20 жастағы қазақстандық теннисші өткен жылдың шілде айында алғашқы жүздікке енсе, биыл 17-орынға көтерілді. Сондай-ақ ол жыл басында WTA Tour титулын жеңіп алса, өткен айда Дубайда София Кенин мен Каролина Плишкованы жеңіп, үш турнирдің финалына шықты», делінген Sportsmole.co.uk басылымында.

Айта кетейік, биыл Рыбакина кортта 25 матч өткізіп, 21 ойында жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ WTA санатына енетін төрт бірдей турнирдің финалында өнер көрсетті. Осындай табысты нәтижесінің арқасында теннистен қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы атанды.