• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 10:14

АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті

30 рет
көрсетілді

Америкалық «Frontier Airlines» әуе компаниясының «Airbus A321» ұшағы Денвер халықаралық әуежайында ұшу жолағында адамды қағып, мерт қылды. Қайғылы оқиға 8 мамыр күні кешке болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, белгісіз ер адам қоршаудан асып түсіп, ұшу-қону жолағына шығып кеткен. Содан бірнеше минут өткен соң, екпін ала бастаған ұшақ оны қағып кетті. Қаза тапқан адамның жеке басы әлі анықталған жоқ. Билік өкілдері оның әуежай қызметкері еместігін айтып отыр.

АҚШ Көлік министрі Шон Даффи бұл әрекеттің қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу екенін мәлімдеді.

Астанадан Франкфуртқа ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды

Ұшақ бортында барлығы 231 адам (224 жолаушы және 7 экипаж мүшесі) болған. Соқтығысудан кейін экипаж қозғалтқыштардың бірінен өрт шыққаны туралы сигнал алып, ұшақты шұғыл тоқтатқан. Жолаушылар эвакуацияланып, салон ішінде түтін пайда болған.

Әуе компаниясының хабарлауынша, эвакуация кезінде 12 адам жеңіл жарақат алған.

АҚШ әуежайында ұшақ қону кезінде аударылып кеткен

Қазіргі уақытта Денвер полициясы мен АҚШ-тың Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңесі тергеу жүргізіп жатыр. Мамандар әуежай қоршауларын тексеріп, бөтен адамның стратегиялық нысанға қалай кіріп кеткенін анықтауға кіріскен.

Соңғы жаңалықтар