Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Берік Өтеевке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті Nur.kz порталына берген ресми жауабында растады.
Бұған дейін Бұқаралық ақпарат құралдарында судьяға қатысты тексеріс жүріп жатқаны туралы бейресми деректер тараған болатын.
ҰҚК өкілдерінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Берік Өтеев Маңғыстау энергетикалық колледжін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Қызметін Атырау облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында бастаған. Кейін Мұнайлы аудандық сотының судьясы болған.
2023 жылдың маусым айында Президент Жарлығымен Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы болып тағайындалған еді.