Бүгін Астана қаласының Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тілсіз жауды жедел ауыздықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға он екі қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтерлердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, пәтердегі керме төбе (натяжной потолок) өртенген.
Елордада LRT стансасынан өрт шықты
ТЖМ бөлімшелерінің кәсіби іс-қимылының арқасында өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, жалынды қысқа уақытта оқшаулап, толықтай сөндірді.
Өскемендегі жарылыс: Төрт адам ауруханаға жеткізілді
Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі елорда тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін тағы да еске салады.