Көкшетауда жол талғамайтын көліктің астына түсіп, әйел адамның қаза болуына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Астанада 2 жасар баланы көлік қағып кетті
«Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында оқиғаның қалай болғанын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері атқарылып жатыр», деп нақтылады ведомство өкілдері.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қаладағы аудандардың бірінде болған сұмдық жағдайдың видеосы тараған болатын. Бейнежазбадан жол талғамайтын көліктің бұрылыс жасау кезінде әйелді қағып кеткенін көруге болады. Көлік тоқтағанымен, зардап шегуші ауыр техниканың астында қалып қойған. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмған.