• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2020

Қызылорда: Облыс әкімі аймақ тұрғындарына үндеу жариялады

1251 рет
көрсетілді

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова коронавирус індетінің таралуына байланысты жергілікті телеарналар арқылы аймақ тұрғындарына үндеу жариялады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үндеуде короновирус індетінің таралуына байланысты облыста да қауіпсіздік шаралары күшейтілгені айтылған.

Бүгінгі күнге дейін өңірде 318 адам карантиннен өтті. Мемлекеттік мекеме мамандары, дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Дегенмен, аймақта «COVID-19» вирусын жұқтырған 5 адам анықталып отыр.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің 30 наурыз 2020 жылғы №4 қаулысымен 31 наурыз сағат 00-ден бастап Қызылорда қаласына көліктің барлық түрлерінің келуіне және шығуына тыйым салынады. Теміржол қатынасына шектеу 1-сәуірден басталады.

«Облыс тұрғындарынан сұрайтыным, шектеу талаптарын қатаң сақтауға тиіспіз. Қоғамдық орындарда серуендеуді доғарып, үйден шықпай, дерттен оқшауланған жөн. Қазір кез келген адам вирус жұқтыруы ықтимал. Ал қаулы ережесін бұзғандарға заң аясында шаралар қолданылатын болады. Өңірде коронавирус диагнозымен ауруханаға түскен ең алғашқы науқастың мәселесіне келсек, қызметтік тексеріс жүргізілуде. Қауіпті індет белгілерінің неліктен кеш анықталғандығы қаралады, – деді облыс әкімі.