Түркияның Қара теңіз жағалауында орналасқан Орду қаласының әкімдігі көшелерде дезинфекцияға арналған 5 метрлік кабиналар орнатты.
Баламасы жоқ құрылғы ішінен өткен адамға дезинфекциялық ерітінді шашып, ыстық бумен зарасыздандырады.
Желі қолданушылары бұл өнертабысқа оң баға беріп, коронавируспен күресте жасаған өңір басшылығының бұл шешіміне алғыс білдіріп жатты.
Қала басшысы Мехмет Хильми Гюлер жақын арада құрылғыны көптеп шығарып, басқа қалаларға да орнату жоспарда екенін мәлімдеді.