«Ресей ғалымдары COVID-19 вирустан сенімді қорғайтын үш түрлі вакцина жасады» деп хабарлады «Стопкоронавирус.рф» сайты.
Жоғарыдағы жағымды жаңалық жайлы РФ ҒА вице президенті, академияның Биология және медицина бөлімінің меңгерушісі Владимир Чехонин РИА ақпарат агентігіне берген сұхбатында, бұл іспен әуелі Новосибирск облысы аумағында орналасқан «Вектор» вакцина жасау орталығы айналысып жатқанын, мұндағы инновациялық жаңалықты Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің ғалымы, атақты биолог Михаил Кирпичников басқарып отырғанын айтыпты.
Сонымен қатар, COVID-19-ға қарсы тұратын екінші дәріні Шемякин және Овчинников атындағы Биоорганика химия зерттеу орталығының мамандары Александр Габибовтың жетекшілігімен заманауи технологияны пайдаланып жасап жатыр екен.
Үшінші топты вакцина жасау маманы, танымал профессор Козлов басқаруда көрінеді. «Бұлар жаңа поливалент вакцинасын Вавилов атындағы генетикалық зерттеу орталағында жасап жатыр. Жалпы жұқпалы індетті ауыздықтау мәселесінде ресейлік мамандар барлық күш жігерін жұмылдыруда» дейді Ресей Ғылым Академияның вице-президенті.