• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Коронавирус 31 Наурыз, 2020

Қызылорда: Вирус жұқтырғандар саны тоғызға жетті

599 рет
көрсетілді

Бүгін Қызылордада бойынан вирус белгілері байқалған тағы 4 адам анықталды. Олардың барлығы осыған дейін тіркелген науқастармен қарым-қатынаста болғандар.

– Зертханалық сынама қорытындысы осы 4 тұрғынның бойында вирус белгілерінің бар екендігін көрсетті. Қазір оларға тиісті ем жасалып жатыр. Сонымен қатар, бұлармен қарым-қатынаста болғандар саны нақтылануда. Бізде қазір науқастардың саны тоғызға жетті. Олардың барлығының ем алуы, жағдайы толық бақылауда, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов.