• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2020

Қостанай облысында браконьерлер ұсталды

816 рет
көрсетілді

27 наурызда Жангелдин ауданына қарасты Қарасу ауылынан 30 шақырым жердегі Сұпылы мекенінде ұсталған екі браконьер Арқалық қаласы мен Амангелді ауданының тұрғындары болып шықты. Полицейлер күдіктілер мінген «Нива» автокөлігінен екі аңшы мылтығын, 133 оқ, 2 ақбөкен мүйізін алып шыққан.  Сондай-ақ, автөкөліктің жүксалғышынан спорт сөмкесі мен егеу табылған. Табиғат сақшылары көлік ізімен жүріп отырып, 3 ақбөкен өлігінің үстінен түседі. 

- Ақбөкен өліктері сараптамаға жіберілді. Күдіктілер қамауға алынып, ұялы телефондары тексеріліп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүруде. Мұндай оқиға жыл басынан бері екінші рет тіркеліп отыр, - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қостанай облысы