• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Наурыз, 2020

АҚШ-та қорғаныс өндірістері тыныс алу құралдарын жасауға көшті

165 рет
көрсетілді

Трамп әкімшілігіне коронавирусқа шалдыққандар санының күрт өсуіне байланысты тыныс алуды жеңілдететін аппараттар өндірісін жеделдету бойынша өтініш түскен. Қазіргі кезде Нью-Йорктағы бірқатар ауруханалар екі науқасқа бір тыныс алу аппараттарын пайдалануда, деп хабарлайды Reuters. 

Осы орайда АҚШ президенті қорғаныс өндірісі туралы заңға сәйкес тыныстандыру аппараттарын жасау үшін Ford, General Motors Co сияқты өндірісшілерді атады. Күні кеше United Auto Workers басшылығы мен өзге де ресми тұлғалар ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде бомба өндірісіне бағытталған Детройттағы автомобиль өндірісіне салыстырмалы сипаттама жүргізді. Ford Мичиган штатындағы Ипсиланти зауытында  United Auto Workers  500 қызметкерімен желдету өндірісіне дайындығын атап өтсе, Ford Motor Co алдағы 100 күн ішінде General Electric денсаулық бөлімшесімен ынтымақтастықта Мичигандағы зауытта 50 000 желдеткіш қондырғысын шығаратындығын жеткізді. Одан кейін ай сайын қажет болған жағдайда 30 000 желдеткіш шығаратын болады.

Ford мәліметінше, желдеткіштің ықшамдалған құрылысы Флоридадағы Airon Corp корпорациясындағы GE Healthcare-мен лицензияланып, азық-түлік және дәрі-дәрмекті бақылау басқармасымен мақұлданған.  Вирусқа шалдыққандардың жағдайын жеңілдететін құрылғылар ауа қысымын электр қысымынсыз қамтамасыз ете алады.

 АЛМАТЫ