• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2020

Павлодарда тұрғындары үшін әзірге бұрынғы тариф қалды

166 рет
көрсетілді

Өңірімізде 1 сәуірден бастап электр қуаты тарифін 6 пайызға арттыру хабарланған.

Бірақ, елімізде жарияланған Төтенше жағдайға байланысты қызмет көрсетуші компания жоспарлаған қоғамдық тыңдау өткізілмеді.

Бұған дейін,  облыс орталығындағы «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-нің басшылығы қоғамдық тыңдауды онлайн өткізбек болыпты.

Бірақ, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің  облыс бойынша департаменті мұндай ерекше форматтағы шараға зейнеткерлердің толық қатыса алмайтындарын есептеп, бұл  ұсынысты қолдамаған.

Ал, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-нің баспасөз қызметінің мәліметінше,  электр қуаты тарифінің бағасын 6 пайызға өсіру жоспарлануда. 

Бұған комитет мамандары өңірдегі стансалардағы электр бағасын Энергетика министрлігі  реттейді. Сондықтан қуат бағасы  2-3 пайызға ғана өседі деп отыр.

Тұрғындар Төтенше жағдай уақыты аяқталғанша, екі ай бойы электр қуатын пайдаланғандары үшін  бұрынғы тариф бойынша төлейді.

Павлодар облысы