• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Білім 31 Наурыз, 2020

Бірінші сәуірде республика бойынша сынама сабақтар өтеді

625 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, сынама сабақтар пандемия кезінде қашықтан білім алуға дайындығын тексеру мақсатында өтеді. Ал 2 сәуірде ата-аналар жиналысы өтеді.

Оның барысында жүйеге қосылу, балалар жұмысын дұрыс ұйымдастыру мәселесі айтылады. 3 сәуірде оқушылармен сынып сағаттары өтеді.  Оның барысында балаларға тиісті ақпараттар беріліп, мұғалімдер қашықтан оқу туралы сұрақтарға жауап береді. Нәтижесінде, 6 сәуір күні балалар да, ата-аналар мен құрылғылар да қашықтан білімге дайын болуы керек. Осыған орай барлық сұрақтар бойынша Білім және ғылым министрлігінің 1450 колл-орталығына хабарласуға болады.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, әзірге балалардың жазғы демалысын қысқартуға негіз жоқ. Ал ҰБТ-ны маусым айының аяғында өткізу жоспарланған. Қазіргі кезде ҰБТ сынама тестерін ақысыз өткізу бойынша жағдай жасалғандықтан, тестілеудің 70 нұсқасы ҰБТ сайтында қолжетімді. Соған орай оқушылар қазіргі кезде сынама тестілеуден тегін өтуде.