• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Коронавирус 31 Наурыз, 2020

Қызылорда: Бір үйден 8 адамға вирус жұққан

303 рет
көрсетілді

Бүгін Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында тіркелген 8 науқас бір үйдің адамдары болып шықты. Осыған байланысты аудан карантинге жабылып, тиісті шаралар қолға алынды

Осы жағдайға байланысты облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жергілікті «Qyzylorda» телеарнасы арқылы мәлімдеме жасады. Облыс әкімі өңірде жалпы індет жұқтырған 18 тұрғынның 388 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталғанын, қазір олардың денсаулығы тексеріліп жатқанын атап өтті.

– Бүгін Жаңақорған ауданында анықталған 8 науқас бір үйдің адамдары болып шықты. Олардың үшеуі 14-ке толмаған балалар. Індеттің одан әрі жайылып кетпеуі үшін жұмыстар жасалынып жатыр, – деді облыс әкімі.