• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2020

Төтенше жағдай: Әкімдер той тойлап жүр

7825 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай кезінде спорттық, ойын-сауық, сондай-ақ отбасылық, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Соған қарамастан үйлерінде той жасап жүргендер кездесіп қалады. Дәмхана, мейрамханалар қожайындарының да талапты айналып өтуге тырысатыны байқалады. Бұл туралы бүгін облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Айтбайұлы брифингте хабарлады.

Төтенше жағдай жарияланғалы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабымен 49 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Оның 14-і соттың қаулысымен әкімшілік қамауға алынса, 23-не әкімшілік айыппұл салынды. Қалған 12 іс сот өндірісінде.

Осындай сын сәтте кейбір әкімдер де тойлауға теріс қарамайтын байқатып қалып жүр. Мысалы, Шиелі ауданы Төңкеріс ауылының әкімі туысының үйіндегі келін түсіру тойына қатысқан. Үй иесі аудандық сот қаулысымен әкімшілік қамауға алынды. Қызылорда қаласындағы «Оригон» дәмханасының сағат 22.00-ден кейін жұмыс істегені анықталып, кафе иесіне 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

 

Қызылорда облысы