Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардан берген мәлімдемесінде айтты.
- Бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отырмыз. Коронавирус індеті дүниежүзін жайлап барады. Бүгінде 177 мемлекетте 800 мың адам дертке шалдықты. Оны жұқтырғандар саны күннен-күнге өсуде. Біз төтенше жағдай жариялап, Қазақстанда одан әрі таралуына жол бермедік. Соның арқасында бақылауда ұстап отырмыз. Халқы Қазақстанмен шамалас елдерде коронавирусқа шалдыққандар ондаған есе көп, - деді Президент.