• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2020

Түркістан: Коронавирус жұқтырған азаматтың 16 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды

1040 рет
көрсетілді

Коронавирус жұқтырған азамат Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов әлеуметтік желі арқылы хабарлады.

«Мәліметке сай, ол азамат 27 наурыздан бері қызуы көтеріліп ауырған. Ауруханаға 30 наурыз күні қаралған. Науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезбен Қарағанды қаласына тоқтаған. 6 сағат вокзалда отырған ол, ары қарай Петропавл-Қызылорда бағытындағы поезға 22 наурыз күні сағат 6.00-де отырып, 23 наурыз күні Шымкент қаласынан түскен. Ары қарай жеке көлікпен Жетісай қаласына жолға шыққан. Әзірге анықталғаны науқаспен 16 адам қарым-қатынаста болған. 5 адам Нұр-Сұлтан қаласында байланыста болса, 11 адам Жетісай қаласының тұрғындары», делінген облыс әкімі орынбасарының facebook парақшасындағы жазбасында.