• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Сәуір, 2020

1 сәуірге арналған ауа райы болжамы

313 рет
көрсетілді

Синоптиктер 1-ші сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің екпіні күндіз 23-28 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің күші 23-28 м/с артады.

Алматы облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болжанады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с күшейеді. Күндіз Павлодар, Атырау облыстарының кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейді. Маңғыстау, Қостанай, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.