Қызылода облысында коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 24 адамға жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов хабарлады.
– Жаңадан анықталып отырғандардың екеуі Қармақшы ауданынан. Жаңақорған ауданынан тағы 2 науқас тіркелді. Қалған екі адамның бірі Шиеліден болса, екіншісі Қызылорда қаласынан. Қазір олардың бәрі ем алып жатыр, – деді облыстың бас дәрігері.
Індетке шалдықандар қатары Жаңақорған ауданында көбейіп отыр. Кеше осыған баланысты аудан карантинге жабылып, тиісті шаралар қолға алынды.