• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
29 Тамыз, 2013

Мәскеулік Кристина Ислам дінін қабылдады

396 рет
көрсетілді

Қырғыздың мәдениеті мен тіліне қатты құмар мәскеулік 17 жасар Кристина Парашина есімін «Айсұлу» деп өзгертіп, онысын ата-анасына білдірмей, Ислам дінін қабылдады. Бұл туралы «Islam Today» ақпараттық порталы хабарлады.

Кристина қырғыз тілін 4 жылдан бері үйреніп жүр екен. Сондай-ақ, бұдан 2 жыл бұрын Ислам дінін қабылдаған. Ол мұның бәрін жүрек қалауымен әрі өзі қатты қызығатын Қырғызстанға бару үшін жүзеге асырған.

«Қырғызстанға деген көзқарасым 4 жылдан бері қатты өзгерді. Бұл елге қызығамын, – дейді Кристина. – Қырғызстан тарихын оқып, тілін біліп қана қоймай, сол елге барғым келеді».

Кристина өзінің күрт өзгергенін былайша түсіндіреді. «Мәскеуде қырғыз балаларымен таныстым. Маған олардың өзін-өзі ұстауы, адамдармен қарым-қатынасы ұнады, – дейді Кристина. – Содан олардың елі мен жері туралы, сонымен бірге, жақсы тәрбиені қайдан алғанын білгім келді».

«Осыдан екі жыл бұрын ата-анамнан жасырынып мешітке келдім де, Ислам дінін қабылдадым, – дейді Кристина. – Содан кейін өзімнің есімімді Айсұлу деп өзгерттім».

Кристина алдағы уақытта өзінің арманына айналған Қырғызстанға барып, сондағы жоғары оқу орындардың біріне түсуді жоспарлап жүр.

Мәскеулік аруды тәнті етіп, тіпті, оны дінін өзгертуге дейін жеткізген Қырғызстан Кристина-Айсұлу Парашинаны жатырқамас.

Жолдыбай Базаров.