• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2020

Қостанай облысына қатынайтын 8 пойыз тоқтады

567 рет
көрсетілді

Бүгіннен  бастап Нұр-Сұлтан – Челябі бағытындағы жолаушылар пойызы мен Тобыл стансасы арқылы өтетін Нұр-Сұлтан – Атырау, Нұр-Сұлтан – Орал,  Барановичи – Қарағанды,  Арқалық – Нұр-Сұлтан,  Орал – Алматы-2 бағытындағы пойыздар тоқтады.

Қазір облысқа  4-ақ пойыз қатынайды. 1 сәуір күні соңғы рет жолға шығатын Қостанай – Алматы бағытындағы пойыз Нұр-Сұлтан қаласына кідірмей өтіп, Отар бекетіне барып тоқтайды. 3 сәуірде сол жерден Қостанайға қайтады. Сондай-ақ, Қостанай – Қарағанды, Қостанай - Арқалық пойыздары да бүгін соңғы рет жүреді. Екі пойыз да  2 сәуірде кері бағытта жолға шығады.

Қостанай облысын кесіп өтетін Маңғышлақ - Нұр-Сұлтан бағытындағы жолаушылар пойызы 2 сәуірде Атбасарға дейін жолға шығады. Ал 5 сәуір күні соңғы рет кері қайтады.  

Қостанайға қатынайтын және облыс аумағын басып өтетін барлық жолаушылар пойызы 2020 жылғы 6 сәуірден бастап мүлде тоқтайды.  Қала маңында жүретін Новоишим – Қостанай, Арқалық – Шұбаркөл, Қостанай – Жітіқара пойыздары да тоқтатылды. Қазір Тобыл – Әйтеке би, Әйтеке-Би-Тобыл, Құсмұрын – Есіл, Құсмұрын – Тобыл, Тобыл – Елімай бағыттары бойынша жүретін пойыздарға билет сатылмайды. 

Қостанай облысы