«Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирі арқылы онлайн брифинг өткізген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев волонтерлар қызметі туралы ерекше атап өтті.
«Мысалы, тек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының өзінде олар 1000-ға жуық көмек акциясын өткізіп, 30 мың адамға жәрдем берді. 8 мыңдай отбасына азық-түлік апарды. Осы 2 қаланың өзінде волонтерлер мұқтаж адамдарға 200 мыңға жуық маска таратты. Осы ретте еліміздің барлық өңірінде волонтерлер дәл осындай мұқтаж адамдарға азық-түлік, бірінші кезекті қажет заттарын апарып беруде», деді министр.