Алтай ауданына қарасты Бородино елді мекенінде жеке үйлердің бірі 29 наурызда түнгі сағат 23.36-да өртеніп жатқанын көршілері байқап, өрт сөндірушілерді шақырады. Моншаның пешін жаққанда көмірдің толықтай жанып біткеніне көз жеткізбестен, үй иелері шырт ұйқыға кетіпті. Моншадан шыққан өрт бір шатырдың астында жапсарлас салынған тұрғын үйге ұласқан. Үйде қарт адамдар болғандығы анықталды. Ер адам жалындап жатқан үйден өздігінен тесік арқылы шығып үлгерді. Жалынның күші уақыт өткен сайын үдеп, жан-жаққа тарап кеткендіктен, көршілері көмекке келіп, әйелді өрттің өтінен терезе арқылы алып шығады.
Үй иелерінің жағдайы бірқалыпты болғандықтан, олар медициналық көмекке жүгінуден бас тартты.
№3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өртпен күресушілері өртті екі сағаттан астам уақытта ауыздықтады, себебі өрт аумағы 86 шаршы метрге дейін тарап кеткен.
«Пешті салғанда және оны пайдаланғанда өрт қауіпсіздік қағидасын бұзушылықтан оқыс жағдай орын алып отыр, – дейді №3 МӨСБ бастығы Масимов Дулат. – Көршілері өртті байқап бізге хабар бергені жақсы болды. Айтып келмейтін апатты арты орны толмас қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін еді. Осы орайда жер үйдің тұрғындарын пешті жаққанда мейлінше абай болып, түтіндіктерді уақытылы тазартып отыруларыңызды сұраймыз, ұйқыға кетпестен бұрын үш сағат бұрын пешті жағуды тоқтату керек. Ағаш шатырларымен немесе қабатаралық жабындардың түйіспелеріндегі пеш, түтін тұрбасы кірпіштен жасалған кескіштің қалыңдығындай жуан болуы керек. Өрт шыққан жағдайда тез арда «101» немесе «112» нөмірлеріне нөлдік баланстада қоңырау шала аласыз»