• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Сәуір, 2020

«Біз біргеміз» деген сөз бос ұран емес - Дәурен Абаев

1023 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осынау қиын сәтте қазақстандықтар ұлты мен діні әр түрлі болғанына қарамастан біртұтас ел екендігін ұмытпау керектігін айтты.

«Мемлекет басшысының үндеуінде тек қана экономикалық емес, идеологиялық астар да бар. Осындай уақытта біз көзқарасымыздың, идеямыздың, ұлтымыз бен дініміздің әр түрлі екендігіне қарамастан біртұтас екендігімізді түсінуіміз керек. «Біз біргеміз» деген сөз бос ұран емес. Бұл халқымызды талай қиындықтан аман алып шыққан өмірлік ұстанымымыз. Бүгін Мемлекет басшысы бізді бірігуге шақыруда», деді Дәурен Абаев.