Алматы облысында тағы 1 тұрғынның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Жалпы, бүгінгі тіркелген дерек бойынша Жетісуда індет жұқтырған адам саны тоғызға жетті.
Алдын ала мәлім болғандай, індет белгісі тағы да Қарасай ауданы аумағынан табылған. 1959 жылы туған әйел адам бұған дейін коронавирус анықталған «Асыл Арман» тұрғын үй кешенің тұрғыны болуы мүмкін. Науқас қазір Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар емханасында оқшауланған.
Айтпақшы, бұл облыс аумағында тұратын адамдар арасында анықталған сегізінші індет жұқтыру дерегі. Ресми деректерде жарияланған тізімдегі бір адам Алматы қаласының тұрғыны екен. Бастапқыда өзін нашар сезінген науқас Алматы қаласында орналасқан облыстық клиникалық аурухана көмек сұрап барған. Тиісті тексеруден кейін ол адамнан коронавирус инфекциясы табылып, жедел түрде оқшауланған.
Алматы облысы