• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2020

Қостанайда аялдамаларды залалсыздандыру басталды

132 рет
көрсетілді

Қостанайда аялдама тұрақтарын залалсыздандыру шаралары жүріп жатыр. Бұл жұмыстарды алты мердігер ұйым жүргізеді. Облыс орталығында 430 аялдама тұрағы бар. Мердігердің міндеті - солардың бірін де қалдырмай күнделікті залалсыздандырып отыру. Бұл мақсатқа арнайы қаржы бөлініп, қала әкімдігі мердігер ұйымдармен келісімшартқа отырған. - Олар әр аялдаманы кем дегенде күніне бір рет дезинфекциялап тұрады,  – деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Наурызбай Мусин.

Аялдамаға дәрі шашушыларға арнайы қорғаныш киімі, қолғап, көзілдірік, бетперде, аяқ киім берілген. Бөлім бастығының айтуынша, автобус күтуге арналған тұрақты тазалау үшін 10 литр суға 1 ди хлор таблеткасын салып еріту қажет. Бір аялдаманы залалсыздандыру үшін осы мөлшердегі қоспа жеткілікті.

Алты мердігердің әрқайсы өздеріне жүктелген шағын ауданда жұмыс істейді. Бүгін «АБЗ+» серіктестігі өз жұмысын «Әуежай» шағын ауданынан бастады. Серіктестік күн сайын 105 аялдаманы залалсыздандырып отыруы керек.

- Өңдеуді бастамас бұрын қызметкерлерге нұсқаулық беріліп, барлық қауіпсіздік талаптары түсіндіріледі. Аялдамаларға химиялық қоспаны таңертеңгілік шашамыз. Әзірге 4 адам жұмыс істеп жатыр. Егер қажет болса, жұмысшы санын көбейтеміз. Тұрғындар үшін ешқандай қолайсыздық тумайды деп ойлаймын. Олар оянып, көшеге шыққанша біз де жұмысымызды аяқтаймыз, – деді серіктестік директоры Николай Лобанов.

 

Қостанай облысы