• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2020

Қостанай: Полиция көшелерді дәріледі

187 рет
көрсетілді

Қостанайлық полицейлер облыс орталығындағы көшелерге індетке қарсы сұйық дәрі шаша бастады. Полицияның «АРС -14» арнайы техникасы кеше кешкілік Тәуелсіздік, Абай, Байтұрсынов, Гоголь көшелері мен тротуарларға химиялық ерітінді бүркіп шықты. Жол сақшыларының автопатрулі дауыс ұлғайтқыш арқылы тұрғындарға залалсыздандыру жүріп жатқаны туралы ескертіп, сақтандырып отырды.    

- Біз азаматтарға қажет қауіпсіздік шараларының жүзеге асуына көмектесіп жатырмыз. Тұрғындарды төтенше жағдайда жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырамын. 2 сәуірден бастап қоғамдық көліктер мен такси жүргізушілері, барлық жолаушылар міндетті түрде петперде тағып, қолғап киіп жүруі тиіс. Таксиге екі жолаушыдан артық отыруға болмайды, - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Нығмет Исмағұлов.   

      

Қостанай