• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Сәуір, 2020

Өңірлерде 200-ге жуық инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда - министр

157 рет
көрсетілді

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында өңірлерде 200-ге жуық инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Бұл – мәдениет және спорт нысандарының күрделі, ағымдағы жөндеулері және жаңа нысандардың құрылысы. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова хабарлады.

«Мысалы, «Жол картасы-2020» шеңберінде Маңғыстау облысының аудандарында Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 13 жаңа мәдениет нысанын салу және 2 нысанда жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Жаңа құрылыстардың 8-і ауылдық жерлердегі клуб типтес объектілер», - деді министр.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 14 жоба жүзеге асырылуда. 12 мәдениет объектісінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, 2 мәдениет объектісін қайта жаңарту жоспарлануда.

«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылындағы «Шалқыма» мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қарағанды облысында жол картасы аясында 927 жұмыс орны құрылып, Жошы ханның тарихи-мәдени кешенінің құрылысын атсалыспақ. Оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 463 адам тартылмақ. Қостанай облысында Арқалық қаласындағы Дала өлкесінің тарихи облыстық мұражайы ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу, Қостанай ауданының Заречный және Октябрьское ауылдарының мәдениет үйлерінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған», - деді министр.