Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев қалаға кіреберіс жолдарға қойылған тосқауыл бекетіне барып, карантин жағдайында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Бекетте жұмылдырылған қызметкерлер аудан басшысына бекітілген жұмыс істеу тәртібін баяндап өтті. Әкім індеттен сақтану шараларын бұлжытпай қадағалап, төтенше жағдай талаптарын бұзғандарға тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Қала бойынша 4 тосқауыл бекеті қойылды. Әр бекетте аудандық полиция бөлімі мен денсаулық сақтау, жергілікті атқарушы орган және ветиринария саласының мамандары тәулік бойы қызмет атқарады.