Бүгін таңертең Петропавлдың Суворов көшесіндегі 256 үйден өрт шыққан. Өрт туралы хабар «Өрт сөндіру қызметіне» таңғы сағат жетіде түскен. Дабылын безілдетіп, өртсөндірушілер жеткенде өрттің жалыны сумаңдап жатыр екен.
Жедел іске кіріскен өртсөндірушілер командасының құрамында үш машина мен 12 адам болған. Бұлар Петропал өртсөндірушілерінің №1 және №4 бөлімдерінің жасақшылары еді.
Өрт тез арада сөндірілді. Жалын шарпыған аумақтың көлемі 30 шаршы метр. Сонымен қатар 26 шаршы метрлік веранда мен дүние мүліктер өрттенген. Өрт аумағынан 3 газ балоны табылған. Өрт сөндірушілер олардың жарылуына жол бермей, қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Егер олар жарылған болса өрттің шарпитын аумағы маңайындағы үйлерге жетуі сөзсіз еді.
Өрт таңғы сағат 8-ден 10 минут өткенде толықтай сөндірілді. Зардап шегіп, өлген немесе жараланған адам жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.
ПЕТРОПАВЛ