ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустың жылдам таралуына байланысты соңғы бес аптаның ішінде вирусқа шалдыққандардың санының милионнан асып, қайтыс болғандар санының да көбейіп жатқанына алаңдаушылығын білдірді.
ДДСҰ басшысы Африка, Орталық Азия, Оңтүстік Америка елдерінде вирусқа шалдыққандардың саны айтарлықтай көп болмағанымен де, оның әлеуметтік, экономикалық және саяси салдарға соқтыруы мүмкін екендігін атап өтті. Сондықтан да бұл аймақтарда сынама жасауды жеделдетіп, ауырғандарды емдеуге көмектесу керек.
Ашаршылықпен күрес және әлем жұртшылығының аса қажетті сұранысын қамтамасыз етуге шақырған ДДСҰ басшысы мысалы Үндістанда осы мақсаттарға бөлінген 24 млрд доллардың 800 миллионы азық-түлікке, 204 миллионы аз қамтылған әйелдерді қолдауға жұмсалатындығына тоқталды.
Көптеген дамыған елдер осындай әлеуметтік бағдарламаларды енгізуге мүмкіндігі бар. Сондықтан да әр мемлекет өз тұрғындары үшін қаржы жеңілдіктерін қарастыруы қажет, деп атап өткен ДДСҰ басшысы Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорын осындай белсенділікке шақырды.