• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Сәуір, 2020

300-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылады

170 рет
көрсетілді

Жұмыспен қамтудың жаңа жол картасын іске асыруға 1 трлн теңге қарастырылған. Бағдарламада 7 мыңнан астам жоба қамтылады деп күтілуде. Олардың 300-ден астамы жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бермек. Бұл туралы бүгін кезекті Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетов хабарлады.

Оның айтуынша, жұмысшылардың еңбекақысы 85 мың теңгеден төмен емес 242 мың жұмыс орны ашылады. Жол картасының талаптары мен шарттары бойынша кемінде 90% отандық жұмыскерлер болуы тиіс. Жұмысқа тартылған қызметкерлердің кемінде жартысы жұмыссыз жастарға баса назар аудара отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы тартылуы тиіс.

Өңірлердегі жұмыссыз жастар да жол картасының жобаларына қатыса алады. Оларға 85 мың теңге көлемінде көтерме ақы төленбек.

Сонымен қатар жол картасы аясында жүзеге асырылатын жобалардың 35%-ы әлеуметтік сала нысандарына, 34%-ы инженерлік-көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, 14%-ы тұрғын үй-коммуналдық мәселелерді шешуге, 17%-ы елді мекендерді абаттандыруға бағытталды.

Бұған қоса, жұмыспен қамту бойынша «Еңбек» бағдарламасы да іске асырылуда. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға қосымша 50 млрд теңге бөлініп, 136 мың жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Биыл жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 600 мыңнан астам адам жұмысқа орналасады деп жоспарланған.