• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Сәуір, 2020

Кәсіпкер індетпен күреске 200 млн теңге бөлді

155 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкері, «AITAS KZ» АҚ басшысы Серік Толықпаев медициналық жабдықтар мен препараттар сатып алуға 200 млн теңге бөлді.

̶  Біз мемлекеттің COVID-19 қарсы күрес жөніндегі теңдессіз шараларын қолдаймыз және осы қиын кезеңдерде денсаулық сақтау жүйесіне қолдау көрсетеміз. Компанияда дағдарысқа қарсы қадамдар қабылдап, біз басқа кәсіпкерлермен тәжірибе алмасуға дайынбыз,  ̶  деп атап өтті С.Толықпаев.

Компания қызметкерлердің, тұтынушылардың және серіктестердің мүдделерін ескере отырып, жаңа жұмыс шарттары қайта қаралмақ. Бұған қоса, карантин және өндіріс аумақтарында волонтерлік штабтар құрылады деп хабарлайды кәсіпорын басшысы.

̶ Кәсіпорын алдында халықты 1 мың тонна құс етінен қамтамасыз ету міндеті қойылған. Сондай-ақ  қазіргі жағдайда «Кус&Вкус» брендінің өнімдерінің бағасы өспейтініне кепілдік береміз, ̶ деді «Аitas KZ» АҚ бас директоры Серік Толықпаев.