Бұл туралы Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
«Жалпы белгіленген тәртіпте жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер үшін 2020 жылдың 1 маусымына дейін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша кейінге қалдыру ұсынылды. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша барлық берешек бойынша 27 наурыздағы жағдай бойынша төлемдер кейінге қалдырылады, төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 маусымына ауыстырылды», деді Берік Шолпанқұлов.
Оның айтуынша, салық, кеден және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өндіріп алу шаралары тоқтатылды.
«Берешек туындаған кезде берешекті өтеу туралы хабарлама қойылмайды және мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қабылданбайды, есеп айырысу шоттары жабылмайды және мүлік сипатталмайды. Төтенше жағдай кезеңінде болатын камералдық бақылау бойынша хабарламаны орындау мерзімдері ұзартылды. 15 наурыздан 15 сәуірге дейінгі мерзімде орындауды талап ететін камералдық бақылау бойынша хабарламалар орындау мерзімі 1 маусымға ауыстырылды.Төтенше жағдай кезінде мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу мерзімі тоқтатылды», вице-министр.