• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2020

Жамбыл өңірінде көктемгі егіс дала жұмыстары жүргізілуде

430 рет
көрсетілді

Биыл Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының көлемін 687,1 мың гектардан 710,0 мың гектарға жеткізу көзделген. Бүгінге  дейін жергілікті диқандар жерді жыртып, оның басым бөлігін өңдеп, дәнді дақылдарды себу шараларын бастап кетті. Биылғы наурыз айының соңындағы облыс аудандарының мәліметі бойынша 93277 гектар жерде көктемгі жер жырту жұмыстары атқарылып,  292035 гектар жер өңделген. Сонымен қатар жаздық масақты дәнді дақылдар 168879 гектар алқапқа егілген. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 365,3 мың гектар, майлы дақылдар  64,2 мың гектар, қант қызылшасы 7,2 мың гектар, картоп 10,5 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары 51,5 мың гектар, мал азығы дақылдары 211,3 мың гектарды құрайды деп жоспарланған.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тыңайтқышпен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 1 миллиард теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражатқа  2 мың тонна минералды тыңайтқыш алынады. Өткен айда 50,0 миллион теңге бөлініп, толық игерілген. Ал, көктемгі егіс-дала науқанына  ауыл шаруашылығы техникаларының дайындық жұмыстары барлық аудандарда жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде барлығы 8419 ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. Бүгінде соқалар, қопсытқыштар, дән сепкіштер және тұқым дәрілегіш техникалардың барлығы  көктемгі дала жұмыстарына толығымен дайын. Сондай-ақ, көктемгі дала жұмыстарына ел Үкіметі тарапынан облысқа 18,3 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінген. Бүгінгі таңда операторлар белгіленіп, мұнай зауыттарына қаражат аударылып, дизель отынын жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

 

Жамбыл облысы