• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Сәуір, 2020

Көкшетауда жасанды тыныс алдыратын аппарат шығарылуда - Қайырбек Өскенбаев

204 рет
көрсетілді

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев айтты.

 

«Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімделген қажеттілігі бойынша «Тыныс» АҚ Көкшетау кәсіпорны базасында өкпені жасанды желдетудің мобильдік аппараттары өндірісін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жақын арада Үкімет резервінен өндірісті қамтамасыз ету үшін қажетті қаражат бөлінеді. Денсаулық сақтау министрлігінің барлық қажеттіліктері толығымен қамтамасыз етіледі», деді Қайырбек Өскенбаев.

Оның айтуынша, қазір қазақстандық өндірушілермен қатар Ресейден өндіріс үшін сатып алынған кейбір шикізат пен жинақтауыштарды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл, ең алдымен, карантиндік іс-шараларға байланысты болатын кідірістермен байланысты.