• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Сәуір, 2020

Медициналық бетперделер мен дезинфекция құралдары қалай өндіріліп жатыр?

422 рет
көрсетілді

Медициналық бетперделер мен дезинфекциялау құралдарын өндіру бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев айтты.

«Ағымдағы жылдың 31 наурызында бетперделер өндірісінің тәуліктік көлемі 1 млн.данадан астам, оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар – 325 мың, тігін кәсіпорындары – 680 мың дананы құрады. Бұл ретте ағымдағы жылғы 5 наурызға медициналық маскалар өндірісі бар болғаны 209 850 данасын құрады»,- деді ол.

«Бетперде шығару көлемінің өсуі «Дольче» ЖШС өндірісін кеңейту есебінен болды, олар қысқа мерзімде екі қосымша станок орнатып және қуатын 60 мыңнан 180 мың данаға дейін 3 есе, сондай-ақ 70-тен астам тігін кәсіпорындарын тарту есебінен ұлғайтылды», - деді Қ. Өскенбаев.

Оның айтуынша, фармацевтикалық және тігін кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында «Azala Textile» ЖШС 9 станокты іске қосты, олар дәкені шығару қуаты көлемін тәулігіне 1,2 мың метрден 10,0 мың метрге дейін арттыруға мүмкіндік берді.

«Дезиинфекциялық құралдарға келетін болсақ, ағымдағы жылдың 31 наурызында 85 180 литр өндірілген, қоймаларда 158 380 литр, дәріхана желілеріне, көшелер мен үй-жайларды дезинфекциялау үшін 65 109 литр тиелген», - деді Қ. Өскенбаев.