• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2020

Аудан өмірінің айнасы

324 рет
көрсетілді

Жуырда Май аудандық «Шамшырақ» газетінің 80 жылдығы аталып өтті. Мерейтойға орай өткен жиынға газет ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары-оқырмандар қатысты. Жиналған қауымды аудан әкімі Марат Ақтаев құттықтап, басылым ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

– Газетіміздің 2015 жылғы 27 маусым күнгі санында шыққан Іләл Ахмедидің «Аудан баспасөз қыз­ме­тінің тарихынан» атты мақала­сын­да – «Біздің Май аудандық газе­тіміздің алғашқы атауы «Сталин туы» болыпты. Тұңғыш редактор Б. Алты­басаров деген азамат еді. Шағын ғана газет. Жұрт оны Алтыбасаровтың әлжуаз шағын дене бітіміне қарай «Алтыбасаровтың газеті» атап кеткен-ді» деп жазады, – дейді аудандық газеттің қазіргі редакторы Алтынбек Байғалиев.

1965 жылдың 1 мамыры күні «Маяк» аталған аудандық газеттің ал­ғаш­қы саны Іләл Ахмадидің басшы­лығымен жарық көреді.

– Осы жылдары 19 жасымда газетке орыс тіліндегі ақпараттарды қа­зақшалайтын, аудармашы әрі тілші болып қызметке келдім. Осы газеттегі алғашқы еңбек жолым арқылы үлкен жолға түсіп, қоғамдық өмірге араластым, – дейді журналист Социал Әйтенұлы.

Кейінгі жылдары газет редакторлары болып Ә.Ахметов, В.Швайко, Г.Нұрмағанбетова, Қ.Темірғалинов, Г.Дүрманова, Ж.Төлеу­баев, С.Жа­қы­пов, Е.Жұма­ділов, С.Мұх­таровтар қызмет атқарды. Марқұм Бақыт Әбіл­­қасова, Нұрбибі Жанақова, Сұ­лу­бике Омышева, Ор­ман Хамит­ұлы, Айман Ақтандар тіл­шілер легін жал­ғастырды.

Егемендік алған соң «Сталин», «Маяк» деген атаулармен қоштасып, «Шам­шырақ» келді жарқырап. Қа­зақ редакциясының негізін қалаған жур­налистер Қайыр Жүнісқалиев, Со­вет Жақыпов, Серік Мұхтаров «Шам­шы­рақтың» жарығы шалқуына үлес қосты.

Жиын барысында өткен жыл­дардың суреттері, сарғайған газеттер қойылған көрме ұйымдастырылып және газет­тің бел­­сенді авторлары Қайыр Жұма­жанов, Ғабит Сапаров, Жаңбырбай Адам­жанов, Ертісбай Жұмабеков, Берік Ескендіровтер аудан­дық мәс­лихаттың Алғыс хат­тары­мен марапатталды.

Аудандық «Шамшырақ» газеті де ақпарат ағыны тасқындаған уақытқа сай интернетпен жарыса ауылдағы оқырманына асығады.

 

Павлодар облысы,

Май ауданы