Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Радима» беларусь этномәдени орталығының төрағасы, композитор Дмитрий Останькович еліміздегі орын алған жағдайға байланысты, ақ халатты абзал жандарға ән арнады.
«Посвящение врачам» әнінде ол аталмыш дертті батыл, тәжірибиелі мамандардың арқасында женетіндігін сөз етті. Ән соңында елордалық ҚХА мүшелері барлық нұсқауларды орындап, дәрігерлердің құрметіне орай үйде отырғандығын арнайы #Бізүйдеміз #Бізбіргеміз #Мыдома челлендждері арқылы фотолармен жеткізді.