• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2013

Обама Сирияға әскери соққы жасауға шешім қабылдады

270 рет
көрсетілді

АҚШ-тың президенті Барак Обама Сирияға әскери соққы жасауға шешім қабылдады. Бірақ бұл қашан жүзеге асырылатынын нақтылап айтқан жоқ. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, мұндай операция кез келген уақытта жүргізілуі мүмкін, оның мерзімі белгіленбеген. Сирияға қарсы әскери акцияның көлемі мен уақыты шектеулі болады, АҚШ әскері елдің аумағына басып кірмек емес. «Америка әскерін елдің аумағына енгізу мәселесі қарастырылмаған», деп нақтылады АҚШ президенті.

Ол сонымен қатар әскери соққы жасауға санкция алу үшін АҚШ Конгрессімен бұл мәселені талқылайтынын мәлімдеді. «Егер Конгресс санкция бермесе, әскери соққы жасала ма, жоқ па?», - деген журналистердің Обамаға қойған сұрағы жауапсыз қалды.

Сұлтан Бозайғыр.

Соңғы жаңалықтар